Оралда 40-қа жуық онлайн-казино сайты анықталды

Прокурордың талабы бойынша интернет-казиноның қызметі тоқтатылды

Оралда 40-қа жуық онлайн-казино сайты анықталды
Фото: freepik.com

Лудоманияның алдын алу мақсатында Орал қаласының прокуратурасы интернет желілеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істейтін 40 онлайн-казино сайтын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, бұл ресурстарға қол жеткізудің оңайлығы ойынға тәуелділікке әкеледі, бұл  өз кезегінде мыңдаған отбасының кері әсер етіп, көптеген адамды қылмыс пен суицидке итермелейді. Сондай-ақ құмар ойынға тәуелділік өскелең ұрпаққа үлкен зиян келтіреді, онлайн құмар ойындар балалардың күнделікті бос уақытына айналады.

«Прокуратураның талабы бойынша №2 Орал қалалық сотының шешімімен интернет-казино деректерінің қызметі тоқтатылды. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қоғамымыздың проблемаларының бірі құмар ойындарға тәуелділік екенін атап өтті, мұнда 400 мыңға жуық азамат букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенттері болып табылады, бұл үлкен қала тұрғындарына тең», - делінген прокуратура хабарламасында.

Осыны ескеріп Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы бұл жұмысты жалғастырмақ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.