Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 20 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының шығыс бөлігінде қатты жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 21-22 наурызда облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
Алматыда таңертең және күндіз, 22 наурызда түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болады.