$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана, Алматы, Шымкент: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Мегаполистерде үш күн бойы күн бұлттанып, жаңбыр жаууы ықтимал

Астана, Алматы, Шымкент: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласы: Алматы, Астана және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде, яғни 19-21 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана 

19 наурыз: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз кей тұста 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -2...-4°C, күндіз: +1...-3°C.

20 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауады. Солтүстік-батыстан шығысқа ойса соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°C, күндіз: 0...-2°C.

21 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -12...-14°C, күндіз: 0...-2°C.

Алматы  

19 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +15...+17°C.

20 наурыз: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады. Шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°C, күндіз: +11...+13°C.

21 наурыз: аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Батыстан соққан желдің жлдамдығы - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°C, күндіз: +10...+12°C.

Шымкент 

19 наурыз: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°C, күндіз: +18...+20°C.

20 наурыз: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +18...+20°C.

21 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +15...+17°C.

Серіктес жаңалықтары