Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау фактілерін қолданған бұрынғы полицейлер сотталды
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Талдықорған қаласының сотында Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау фактілерін қолданған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыстық істі Жетісу облысының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.
«Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген», - деп жазды Бас прокуратурадан.
Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды.
Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.