$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2020, 04:56
Жаңалықтар

Жамбыл облысында ТЖ кезінде 173 құқық бұзушылық анықталды

82 адамға айыппұл салынып, 13 адам қамауға алынды

Жамбыл облысында ТЖ кезінде 173 құқық бұзушылық анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай кезінде облыста 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 172-сі ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша орын алған. Атап айтар болсақ, 10 адамға ескерту, 82 адамға 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, 13 факті бойынша әкімшілік қамау жазасы қолданылған. Қалғандары бойынша материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар, бір адам ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік қамауға алынды», - делінген хабарламада. 

Учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралап, тұрғындарға карантин талаптарын орындауға қатысты ескертулер жасауда.

Серіктес жаңалықтары