15.04.2020, 03:37
Жаңалықтар
Әлем елдері коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ - ДДСҰ
Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 млн адамнан асты
Фото: ашық дереккөзден
Әлемде CОVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары өсімінің қысқаруына қарамастан, ДДСҰ әлем елдерінің коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жетпегенін мәлімдейді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Коронавирусты жұқтырғандардың 90%-ы Еуропа мен АҚШ-та тіркелген. Сондықтан біз әлі вирусты жұқтырудың шыңын байқап отырған жоқпыз», – деді ДДСҰ спикері Маргарет Харрис.
Мәселен, қазіргі уақытта коронавирус басталған Қытайда инфекцияның сырттан әкеліну жағдайлары үлкен қауіп төндіріп тұр.
Айта кету керек, әлемде коронавирусты 2 миллионнан астам адам жұқтырған. Вирустан 120 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды