17.03.2024, 08:51
Жаңалықтар
Көкшетауда 24 рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеген жүргізуші ұсталды
Автокөлік бірден айыптұрағына қойылды
Фото: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Көкшетауда 24 рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде «Nissan Primera» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталған. Автокөлік бірден айыптұрағына қойылды.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұдан өзге «Nissan Primera» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 9 наурызға қараған түні Осипенко көшесінде жол-көлік оқиғасы кезінде үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен екен.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды