$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2020, 02:27
Жаңалықтар

15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбі күні республиканың басым бөлігінде жел соғады

15 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

15 сәуірде Қазақстанда шаңды дауыл, тұман және жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады, Ақтауда шаңды дауыл күндіз болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтілуде. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды.

15-16 сәуірде елдің бірқатар аумағына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болуы мүмкін. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.

Серіктес жаңалықтары