42 500 теңге 2 миллионнан астам адамға тағайындалды
Әлеуметтік төлем тағайындау үшін 5 миллионнан астам өтініш түскен
2,3 миллионнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 2 335 929 адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды. Әлеуметтік төлем тағайындау үшін 4 млн 469 мың 16 азаматтан барлығы 5 млн 797 мың 580 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 328 мың 564 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз», - делінген ақпаратта.
Айта кету керек, деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.