$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: freepik.com

Синоптиктер ертең, 17 наурызда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары