$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хуситтер тобы Үнді мұхиты арқылы Израильге қатынайтын кемелерге шабуыл жасамақ

АҚШ пен Ұлыбритания бірнеше рет хусит нысандарына соққы берді

Хуситтер тобы Үнді мұхиты арқылы Израильге қатынайтын кемелерге шабуыл жасамақ
Фото: Houthi Military Media/Handout via REUTERS

Йемендік хуситтер Израильмен байланысы бар кемелерге шабуыл жасайды, деп мәлімдеді қозғалыс жетекшісі Абдул Малик әл-Хуси. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің басты міндетіміз — израильдіктермен байланысты кемелердің Араб теңізі, Қызыл теңіз және Аден шығанағы арқылы ғана емес, Үнді мұхиты арқылы да өтуіне жол бермеу. Бұл маңызды қадам және біз осыған байланысты операцияларды жүзеге асыра бастадық», - деді хуситтердің көшбасшысы.

Бұл ретте 15 наурызға қараған түні Ұлыбритания әскери-теңіз күштерінің теңіз саудасын үйлестіру орталығы Йеменнің Ходейда порт қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 миль жерде кемеге шабуыл жасалғанын хабарлады.

Қызыл теңіздегі және оған жақын маңдағы шығанақтардағы кемелерге шабуылдар ХАМАС пен Израиль әскері арасындағы қақтығыстан кейін басталды.

АҚШ пен Ұлыбритания қаңтар айының ортасынан бастап Халықаралық коалицияның қолдауымен Йемендегі хусит нысандарына соққы берді. Хуситтер соққыларға қарамастан, кемелерге шабуыл жасауды жалғастыруға уәде берді және Таяу Шығыстағы екі елдің әскери базаларына шабуыл жасайтынын айтып қорқытты.

Серіктес жаңалықтары