$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семей қаласына төтенше жағдай жариялау ұсынылды

Төтенше жағдай талаптары 15 наурыздан бастап қолданылады

Семей қаласына төтенше жағдай жариялау ұсынылды
Көрнекі фото: freepik.com

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдай талаптары 15 наурыздан бастап қолданылады.

«Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р.М. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Семей қаласында еріген қар суы көшелерді басып қалды.

Серіктес жаңалықтары