$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 611 бірлік техника және  1250 жолшы жұмылдырылған

Республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Коллаж: Azattyq Ruhy

15 наурыз сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Ақмола облысында - жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)

  • «Екатеринбург-Алматы» Жібек Жолы ААП - Қарағанды обл.шекарасы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 556 шақырымды құрайтын 4 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)

  • «Қызылорда-Павлодар» Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы
  • «Екатеринбург-Алматы» Алматы обл.шекарасы- Теміртау ААП
  • «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарағанды қ.-Қарқаралы қ.
  • «Қызылорда-Павлодар» Ұлытау обл.шекарасы-Топар а. ⁠(қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)

Павлодар облысында - жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол.

(Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

  • «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы. (Қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында - жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол.

(Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

  • «Қызылорда-Павлодар» - Атасу а.-Қарағанды обл.шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 611 бірлік техника және  1250 жолшы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары