Абай облысында 58 гектар орманды жер мемлекетке қайтарылды

Тиісті тұлғалар жерді нысаналы мақсатта пайдаланбаған

Абай облысында 58 гектар орманды жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ауданы 58,32 га мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман пайдаланушыларының нысаналы мақсатта пайдаланбай отырғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомстводан хабарлағандай, бұл учаскелерге олар демалу, емделу, спортпен шұғылдану және туризм үшін жағдай жасауы керек еді.

«Сонымен қатар берілген 9,82 га жер телімінің 2 учаскесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқаны белгілі болды, бұл Жер кодексінің талаптарына қайшы келеді.

Қабылданған шаралармен сот шешімімен мемлекеттік орман қорының жер телімін пайдалану шарты бұзылып, 1,5 га жер телімі мемлекетке қайтарылды», - делінген хабарламада.

Аумағы 1,9 га құрайтын 1 учаске өз еркімен қайтарылды, қалған учаскелер бойынша талап-арыздар беріліп, материалдар сотта қаралып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.