АҚШ TikTok желісін бұғаттайтын заң жобасын мақұлдады
Олар Қытайдың желі арқылы деректерді алатынын айтады
13 наурызда АҚШ Өкілдер палатасы елде TikTok-ты бұғаттауға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Бастама жеткілікті дауыс жинады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл АҚШ президенті Джозеф Байден енді кез келген уақытта мемлекет аумағында танымал желіні бұғаттауға құқығы бар дегенді білдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ билігі TikTok-қа тыйым салғысы келеді, өйткені қытай басшылығы пайдаланушылардың деректерін америкалықтарға қарсы саяси мақсатта қолдана алады. Сонымен қатар, азаматтарды басқа мемлекеттердің қауіп-қатерлерінен қорғау қажеттілігі де айтылды.
Бұған дейін Қытай корпорациясының адвокаттары TikTok Америка тұрғындарының өміріне терең енгенін айтты. Америкалық өкілдікте жеті мыңға жуық адам жұмыс істейді, ал пайдаланушылар саны 150 миллион адамнан асады.