$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Германиямен бірлесіп 22 кооперациялық жобаны іске асырды

Тағы 22 инвестициялық жоба іске асырылуда

Қазақстан Германиямен бірлесіп 22 кооперациялық жобаны іске асырды

Наурыздың 12-сі күні Германия Федеративтік Республикасының Эрфурт қаласында Қазақстан өнеркәсібі және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің алғашқы жұмыс сапары басталды.  Вице-министрмен бірге кездесулерге қазақстандық бизнес өкілдері де қатысуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Тюрингияның инвестициялық жобаларының ынтымақтастығына арналған іскерлік дөңгелек үстелде вице-министр Германияның өнеркәсіп салаларындағы жоғары инвестициялық белсенділігін атап өтті. Мысалы, Германиямен бірлесіп 22 кооперациялық жоба іске асырылды, оның ішінде Linde Group және Knauf компанияларымен, ал тағы 22 инвестициялық жоба іске асыру сатысында.

«Іс-шара қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында энергия тиімділігі, кәсіптік білім беру, жол инфрақұрылымы саласында төрт құжатқа қол қойылып, серіктестікке келісім жасалды. Сондай-ақ тараптар Қазақстанның Тюрингия Үкіметімен жұмыс тобын құру арқылы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Бүгін делегация Германия экономикасының Шығыс комитетімен және Германияның шағын және орта бизнестің Федералды одағымен кездесуді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары