$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 4,4 мың гектар аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

Бұл аумақ «SCAT» авиакомпаниясына табысталған болатын

Түркістан облысында 4,4 мың гектар аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Түркістан облысының прокуратурасы жосықсыз орман пайдаланушыға тиесілі аумағы 4 400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокуратура хабарламасынан белгілі болғандай, 13.12.2019 жылы облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған.

Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған.

«Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған (Салық кодексінің 588-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы).

Алайда «SCAT авиакомпаниясы» АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған», - делінген ведомство хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған Басқармамен бұйрық шығарылып (21.02.2024 ж. №20), шартты бұзу жолымен аңшылық алқабы мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Серіктес жаңалықтары