$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында мектептерде берілмеген тамақ үшін миллиондап ақша төленген

Прокурорлар жеткізушілерге негізсіз ақша төлеген

Жетісу облысында мектептерде берілмеген тамақ үшін миллиондап ақша төленген
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған.

«Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.

Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген», - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.

Серіктес жаңалықтары