Шымкент тұрғыны 443 млн теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген
Күдіктіге 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген. Аталған фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтық департаменті тергеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген», - делінген хабарламада.
Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.
«Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген ведомство хабарламасында.