11.03.2024, 09:12
Жаңалықтар
Еліміздің үш облысында бірнеше автожол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Коллаж: Azattyq Ruhy
Еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» 11 наурыздағы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.
Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 189 км құрайтын 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ):
- «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті-Қарабұтақ елдімекені (жүк және қоғамдық көлік үшін).
Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):
- «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ. - Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін).
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол. (жаңбыр, көктайғақ):
- «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а. (автокөліктің барлық түрі үшін).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.
Көп оқылған
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады