14.04.2020, 09:59
Жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан 14 адам қайтыс болды – Біртанов
Өткен тәулікте елорда мен Шымкентте 2 адам көз жұмды
Қазақстанда COVID-19 вирусынан көз жұмғандар саны 14 адамға жетті, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында.
«Қазақстанда жалпы саны 14 адам қайтыс болды, өткен тәулікте екі науқас көз жұмды», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Белгілі болғандай, соңғы екі жағдай Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында тіркелген екен. Бұл туралы ақпарат coronavirus2020.kz сайтында кейінірек пайда болды.
Айта кетейік, 13 сәуірде Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 140 адам тіркелді. Олардың 106-сы Алматыда. Қарағанды облысында – 12, елордада 9 адам вирус жұқтырған.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 10:00
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
11.07.2026, 10:23
Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті
11.07.2026, 11:46
Тоқаев Моңғолия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады