$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстанда жалған екпе қою дерегі анықталды

Жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды

Солтүстік Қазақстанда жалған екпе қою дерегі анықталды
Фото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау мекемелерінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Емдеу мекемелері медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдаланып, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарға жол берген. Бұл туралы СҚО прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, денсаулық сақтау қоймасында жалпы сомасы 7,8 млн теңге болатын 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар сақталған. 

Прокурорлық тексеру кезінде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау деректерін анықтады.

Осы жылдың 4 ақпанында прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жалпы, медициналық мекемелер Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруыда заң бұзушылықтарға жол берген. 

Қазіргі уақытта қадағалаушы органның актісі негізінде жіберілген заң бұзушылықтарды жою және жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды.

Серіктес жаңалықтары