Тұман, көктайғақ: 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Azattyq Rýhy

Бірқатар аймақта қатты жел соғады

Тұман, көктайғақ: 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 5 наурызда елдің сегіз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні - 15-18 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстік жартысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.