02.03.2024, 16:23
Жаңалықтар
Петропавлда көшеден 50 жастағы әйелдің денесі табылды
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Фото: depositphotos.com
Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде бүгін 50 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл туралы СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, 2 наурыз күні полицияға көшеде әйелдің денесі табылғандығы туралы хабарлама түскен. Өлген адамның кім екенін тәртіп сақшылары анықтады. Қазіргі уақытта өлімге не себеп болғанын анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)