$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Газа секторында 30 мың палестиналық қаза тапты

Жараланған палестиналықтар саны 70 325-ке жеткен

Газа секторында 30 мың палестиналық қаза тапты
Фото: aa.com.tr

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 29 954-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім еткен.

«Израиль күштері соңғы 24 сағатта 76 адамды өлтіріп, 110 адамды жаралаған», - делінген хабарламада.

Өткен жылдың қазанында Израиль мен ХАМАС арасындағы қарулы қақтығыс басталғалы бері жалпы жараланған палестиналықтар саны 70 325-ке жеткен.

Мәлімдемеде сондай-ақ көптеген құрбанның үздіксіз бомбалау салдарынан және азаматтық қорғаныс пен жедел жәрдем бригадаларының тапшылығынан әлі күнге деін үйінді астында жатқаны атап өтілді.

Сәрсенбі күні өз кезегінде израильдік БАҚ Газа секторындағы шайқаста екі офицер қаза тауып, жеті сарбаз жараланғанын, қаза тапқандар саны 582-ге жеткенін хабарлады.

Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) дереккөздеріне сілтеме жасаған хабарларда Израиль әуе және теңіз бомбалаушылары арқылы Газа секторының барлық жерінде құрлық операцияларын жалғастырып жатқаны айтылған.

Сондай-ақ Израиль армиясының ХАМАС туннельдері мен басқа да инфрақұрылымдарын қиратқаны, «террорлық ұяшықтарды» жойып, көптеген қару-жарақ тәркілегені атап өтілді.

Сонымен қатар Израиль армиясының баспасөз хатшысы Даниел Хагари Газадағы соғыстың мақсаты 7 қазандағы шабуылдың ешқашан қайталанбауын қамтамасыз ету екенін және оған қол жеткізу үшін уақыт қажет екенін айтты.

Израиль 2023 жылдың 7 қазанында 1200-ге жуық адам қаза тауып, тағы 200-ден астам адам кепілге алынған ХАМАС шабуылына жауап ретінде Газа секторындағы ауқымды операция бастады.

Серіктес жаңалықтары