27.02.2024, 10:26
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қатар әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялайды
Заң жобасы Ашық НҚА порталына шығарылды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Үкімет Парламентке Қатар мемлекетімен әскери ынтымақтастық туралы заңды ратификациялауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Заң жобасын талқылау Ашық НҚА порталына шығарылды.
Екі елдің әскери саласындағы ынтымақтастық төмендегідей бағыттарда жүргізілмек:
- әскери білім және әскери қызметшілерді даярлау;
- әскери медицина;
- әскери ғылым;
- әскери саладағы мәдени және спорттық іс-шаралар;
- бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға байланысты мәселелер бойынша консультациялар;
- жауынгерлік даярлық;
- тараптар өзара келіскен ынтымақтастықтың өзге де салалары.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі2023 жылғы 12 желтоқсанда Дохада әскери ынтымақтастық туралы келісімге келген болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы