25.02.2024, 15:42
Жаңалықтар
Қазақстан шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
Бұл Қазақстан тарихында қыздарымыз жеңіп алған шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі
Фото: Olympic.kz
Шорт-трекші Алина Ажғалиева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келді.
Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл Қазақстан тарихында қыздарымыз жеңіп алған шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі.
Бұған дейін әлем біріншілігі жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша болатын
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)