23.02.2024, 22:57
Жаңалықтар
Закиева балабақшада таяқ жеген баланың қазіргі жағдайы туралы айтты
Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр
Бейнеден кадр
Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматыдағы балабақшада бір топ баладан таяқ жеген баланың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Омбудсменнің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Алматыдағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Диана Ерлан ауруханаға барып, зардап шеккен баланың жағдайын біліп қайтты. Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр. Денсаулық жағдайы - орташа ауыр дәрежеде екен. Қазір оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр», - деді Динара Закиева.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты