23.02.2024, 20:27
Жаңалықтар
Президент сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Фото: pexels.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, 1 ақпанда Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданған болатын.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты