23.02.2024, 17:59
Жаңалықтар
Қытайда 100-ден астам көлік жол апатына түсті
Кейінгі аптада елдің көптеген өңірінде ауа райы аязды болып тұр
Фото: bnnbreaking.com
Қытайдың Сужоу қаласында 100-ден астам көлік соқтығысты. 3 адам ауыр зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген, 6 адам жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап.
«Апатқа ауа райының қатты суытып, көктайғақ болып, тұман түсуі себеп болған. Тайғақ жолда бір-біріне соғыла тоқтай берген көліктер үйіліп, жолды жауып тастаған», - делінген хабарламада.
Кейінгі аптада Қытайдың көптеген өңірінде ауа райы аязды болып тұр. Қарлы боран соғып, көлікпен жүру қиындаған, жол апаты жиілеген.
Ұлттық метеорологиялық орталық (NMC) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ауа райына байланысты сақтық шараларын қабылдауға шақырды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді