23.02.2024, 10:21
Жаңалықтар
Армения ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатты
Никол Пашинян Арменияға қатысты шарттың орындалмағанын жеткізді
© РИА Новости
Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысуын тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Біздің ойымызша, Арменияға қатысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл мәселеге көңіл аудармай отыра алмаймыз. Біз осы Шартқа қатысуды тоқтаттық. Ары қарай не болатынын көрейік», - деді Пашинян.
«Армениядағы Ресей әскери базасының жабылуы себеп болды ма?» деген сұраққа премьер «қазір мәселе ол туралы емес» деп жауап берді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)