$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбелік шаруалар мемлекет мал сатып алуға берген 190 млн теңгені «жеп қойған»

Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді 

Ақтөбелік шаруалар мемлекет мал сатып алуға берген 190 млн теңгені «жеп қойған»
Фото: gov.kz

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша кредиттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Ақтөбе филиалымен «Сыбаға» және «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу үшін кредиттік қаражат берілген. Алайда 3 шаруашылық ірі қара малы сатып алмай, жалпы сомасы 189,5 млн теңге несие қаражатын басқа мақсаттарға жұмсаған», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің болуына байланысты материалдар ЭТД-не жіберілді.

Олар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша 1 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 2 іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары