Алаяқтар Ұлттық қордың атынан өтемақы туралы жалған ақпарат таратып жатыр
ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ
Әлеуметтік желілерде өтемақы туралы ақпарат тағы тарады. Енді алаяқтар Ұлттық қордың атынан әрекет етіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Stopfake.kz-тің хабарлауынша, бұл жарияланым – фейк, оған сенудің қажеті жоқ.
Жарнамадағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады. Онда 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған.
Олар салық аударымдарына, жұмыс өтіліне, өткен жылдағы сатып алу қабілетіне және шығындарға негізделген.
Өтемақы мөлшерін тексеру үшін пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс.
Жалған сайттарда жеке ақпаратты қалдырмаған жөн. Алаяқтар оны өз пайдасына пайдаланады.
ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ.
Төлемдер бойынша барлық ақпарат Үкімет пен Ұлттық банктің порталдарында жарияланады.
Ресми ақпарат көздерінде 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы жайында хабарланған жоқ.