$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда мектеп асханаларына айыппұл салынды

Оқушылардың тамағына жауаптыларға 1,6 млн теңге көлемінде 4 айыппұл салынды

Маңғыстауда мектеп асханаларына айыппұл салынды
Фото: kstnews.kz

Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биылғы оқу жылында мектеп асханаларына жоспардан тыс 5 тексеру жүргізген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқушылардың тамағына жауаптыларға 1 670 490 теңге көлемінде 4 айыппұл салынды.

Ал мектеп асханаларының өздеріне сот шешімімен 60 375 теңге айыппұл салынды.

«Прокуратураның талабы бойынша 4 асхана тексерілді. Тамақ өнімдерінің сынамалары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін алынды. Сондай-ақ олар ата-аналардың арыз-шағымдары бойынша азық-түлік сапасына тексеру ұйымдастырды», - деді Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров.

Енді айыппұл салынған асханалар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында болады.

Серіктес жаңалықтары