Елордада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Ауа температурасы күндіз -27-29 градусқа дейін төмен болады
Елордада ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 16 ақпанында 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астана қаласы Білім басқармасының хабарламасында.
Естеріңізге салсақ, «Қазгидромет» синоптиктері 16 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжады. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35 дейін, күндіз -27-29 градусқа дейін 0-ден төмендейді.