ТЖМ басшысы Сырдария өзенінің ағынын реттеуді бақылады

Azattyq Rýhy

Сырдария өзенінің арнасына аэровизуалды тексеру жүргізді

ТЖМ басшысы Сырдария өзенінің ағынын реттеуді бақылады

ТЖМ басшысы мен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысындағы су тасқыны болуы мүмкін жерлерді аралады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр Шыңғыс Әрінов Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге елді мекендерді су басу қаупін азайтуға, су тасқынының алдын алуға, Сырдария өзенінің ағынын реттеуге, суармалы жерлерді, шабындық және жайылымдық жерлерді сумен жабдықтауды жақсартуға арналған Тасбөгет кентінде орналасқан су торабына барды.

Министрдің облыс әкімімен кездесуі барысында ТЖ алдын алу және жою, жаңа өрт станциясы мен өрт депосын салу, өрт сөндіру бөлімдерін материалдық-техникалық жарақтандыру және жөндеу мәселелері талқыланды.

ТЖМ басшылығы мен облыс әкімі су тасқыны жағдайын бақылау үшін Сырдария өзенінің арнасына аэровизуалды тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта су деңгейі төмен, жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.