15.02.2024, 16:17
Жаңалықтар
Ауа райына байланысты еліміздің 11 облысында тағы автожолдар жабылды
Жолдарды қысқы күтіп-ұстауға 1475 жолшы жұмылдырылған
Коллаж: Azattyq Ruhy
Еліміздің 11 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлауынша, 15 ақпан сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.
Оның ішінде:
- Абай облысында - 2 учаске (177 км);
- Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 км);
- Алматы облысында - 1 учаске (84 км);
- Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 км);
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км);
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км);
- Қостанай облысында - 1 учаске (83 км);
- Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км);
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (249 км);
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 км);
- Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 бірлік техника және 1475 жолшы жұмылдырылған.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)