14.02.2024, 18:09
Жаңалықтар
Ауа райы қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған
Коллаж: Azattyq Ruhy
14 ақпан сағат 17:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 32 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген учаскелер тізімі:
- Абай облысында - 6 учаске (733 км)
- Ақтөбе облысында – 5 учаске (792 км)
- Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
- Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (231 км)
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
- Қарағанды облысында - 9 учаске (1022 км)
- Қызылорда облысында - 3 учаске (815 км)
- Павлодар облысында - 5 учаске (539 км)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (67 км)
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
- Ұлытау облысында - 1 учаске (32 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған.
Көп оқылған
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады