$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2020, 23:25
Жаңалықтар

Комитет ұжымы коронавирустан көз жұмған белгілі фармацевтің отбасына көңіл айтты

Зиятхан Ахмедұлы елдегі фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосқан

Комитет ұжымы коронавирустан көз жұмған белгілі фармацевтің отбасына көңіл айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы «Абди Ибрахим Глобал Фарм «ЖШС-нің бас директоры Зиятхан Ахмедұлы Гасановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

«Ол алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері мен қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресте көмектесіп, өкінішке орай, осы індеттің кесірінен көз жұмды.

Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Оған қоса, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, елімізге COVID-19 вирусымен күресте өлшеусіз көмегін тигізді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді.

Жаны жайсаң азамат, әке, ұл, тамаша басшының өмірден озуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Зиятхан Ахмедұлының отбасымен және өзі құрған кәсіпорын ұжымымен орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Біз Қазақстанның лайықты азаматы туралы жақсы естелікті жүрегімізде сақтаймыз», -  деп жазды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы.

Серіктес жаңалықтары