Ухань тұрғындары карантин аяқталысымен жаппай үйлене бастады
Өтініштердің көптігінен құжат қабылдайтын бағдарлама істен шыққан
Қытайдағы Ухань қаласының тұрғындары карантин аяқталысымен жаппай некеге тұруға өтініш бере бастады, деп хабарлайды REGNUM.
«Шаңырақ көтеруге ниет білдіргендердің саны күрт артуынан өтініш қабылдайтын арнайы бағдарлама бістен шығып, құжат қабылдау уақытша тоқтатылған. Соңғы мәліметтер бойынша, некелесушілердің саны үш есеге артқан»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ақпарат көзінің хабарлауынша Шэньси провинциясының Сиань қаласы керісінше ажырасушылар саны бойынша рекордтық көрсеткішке жеткен.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың өршуіне байланысты Ухань қаласында 2020 жылғы 23 қаңтардан бастап карантин шаралары енгізілген болатын. 8 сәуір күні Қытайдың Хубэй провинциясының билігі Уханьда көліктердің жүріп-тұруына қатысты шектеуді алып тастады.