09.02.2024, 15:51
Қоғам
Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді
Құжатқа сай денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде кигені жөн
Фото: kafanews.com
Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құжатқа сай денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде кигені жөн. Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын шектеу үшін қолға алынып отыр.
Бетперде тағу режиміне көшу жұмыстары облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына жүктелді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды