Айдын Рахымбаев қазақ тілін дамытуға 150 млн теңге бөлді
BI Group холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады
Елімізге белгілі кәсіпкер, филантроп Айдын Рахымбаевтың бастамасымен BI Group холдингі қазақ тілін дамытуға 150 млн теңге бөлді. Бұл туралы «Халықаралық қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
BI Group холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады, одан бөлек қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады.
«Атап айтсақ, тіл үйренуге арналған Qazaq Lingo қосымшасын дамыту, балаларға арналған кітаптар мен өзге де маңызды жобаларды бірлесе жүзеге асырамыз. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы BI Group қолдауымен қазақ тіліндегі сапалы контент қорын көбейту мақсатында шығаршылық ортаны ынталандыруға бағытталған түрлі байқаулар ұйымдастыруды да жоспарлады. Қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін Айдын Рахымбаев мырзаға зор алғыс білдіреміз! Барлық бастамаларыңызға сәттілік, кәсіптеріңізге береке тілейміз!», - деп жазды Рауан Кенжеханұлы.