$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады

Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Оған Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің басшылары, қала әкімі қатысты, 12 ауданның әкімдері бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы онлайн қосылды.

Отырыста ауа райының қолайсыздығынан туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

«Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Жиын қорытындысы бойынша бүгінгі күні күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі ауданның әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария ету тиіс», - делінген әкідік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары