$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аманжол Әлтай: Үкіметтің ауыз толтырып айтар нәтижесі болғанын қалаймыз

Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырмалар берді

Аманжол Әлтай: Үкіметтің ауыз толтырып айтар нәтижесі болғанын қалаймыз
Фото: facebook.com

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке жүктеген нақты тапсырмаларға тоқталды. Депутат өз пікірінде жаңа Үкімет жұмысының нәтижелі болуынан үмітті екенін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтегі бүгінгі кеңейтілген жиында Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді:

  • Бюджет және салық саясатының тиімділігін түбегейлі көтеру қажет.
  • Жаңа салық саясаты инвесторға да, халықтың қазынасына да әділетті тепе-теңдікті сақтау тиіс.
  • Бизнеске әкімшілік қысымды азайту маңызды. Ол үшін салық жүйесін цифрландыруды жетілдіру маңызды, әсіресе жасанды интелектіні қолданудың келешегі зор.
  • Заңсыз шығарылған активтерді Мемлекетке қайтару жұмысын күшейту қажет.
  • Цифрлық валютаны қолданудың пилоттық жобасын іске асыру жұмысының ауқымын кеңейту қажет.
  • Үкімет алдына экономиканы кешенді либерализациялаудың жүйелі шараларын іске асыру мақсаты жүктелді.
  • Квазимемлекеттік секторға ауқымды реформа қажет.
  • Ауылшаруашылығына бөлінетін қаржы екі есеге көбейеді. Үкіметке бүгінгідей қиын кезеңде фермерлерге жан-жақты көмек каөрсету тапсырылды.
  • Сумен қамтамасыз ету – маңызды мақсатымыз, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Сондықтан да бұл мәселеге жеңіл, немқұрайлы қарауға болмайды.
  • Аймақ басшыларына қалалардың экологиялық ахуалына мән беру тапсырылды. Бұл тұрғыда өндіріс орындарынан шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға көгалдандыру жұмысына ерекше мән берілу тиіс.
  • Денсаулық саласындағы медициналық сақтандыру әлі күнге дейін өзінің толық оң нәтижесін берген жоқ. Үкімет осыны қатаң бақылауға алуы тиіс.

«Мемлекет басшысы бұдан да басқа жаңа Үкіметке маңызды тапсырмалар берді. Ал, уақыт сағаты бейқамдықты, жайбасарлықты, құлықсыздықты көтермейді. Нәтижесі сұралатын сындарлы сәтте Үкіметтің ауыз толтырып айтар нәтижесі болғанын қалаймыз!», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары