Түркия Украинада дрон құрастыратын зауыт салуға кірісті

Зауыт құрылысы шамамен бір жылда аяқталады деп күтіліп отыр   

Түркия Украинада дрон құрастыратын зауыт салуға кірісті
Фото: reuters.com

Түркияның «Байкар» компаниясы Киев маңында 500 жұмысшыны қамтитын TB2 немесе TB3 модельдегі дрондар шығаратын зауыт салуды бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters-ке сілтеме жасап.    

«Зауытымыз салынып жатыр, шамамен 12 айда құрылысты аяқтаймыз. Содан кейін ішкі механизмге, жабдықтарға және ұйымдастыру жұмысына көшеміз», - деді «Байкардың» бас директоры Халук Байрактар Эр-Риядтағы Дүниежүзілік қорғаныс көрмесінде. 

Украинадағы зауыт үлкен, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз, деп қосты ол.   

Байрактар өндірістің қуаттылығы жылына шамамен 120 бірлікті құрайтынын айтты.   

Түрік өндірісіндегі Байрактар дрондары украин әскерилері Ресей күштерінің бронды машиналары мен артиллериялық жүйелерін жою үшін қолданғаннан кейін аты әлемге танылған болатын.    

«Байкар» компаниясы TB2 дрондарын эскпорттауға 30 елмен келісім жасасқан. Оның ішінде Украина, Эфиопия, Ливия және Әзербайжан мемлекеттері бар екенін жазады SIPRI талдау орталығы.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.