05.02.2024, 12:00
Жаңалықтар
Газа секторында қаза тапқандар саны 27,4 мыңға жетті
Сондай-ақ 66,6 мыңнан астам адам жарақат алған
Газа секторының әртүрлі аймағын бомбалау мен атқылау салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 27,4 мыңға жақындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сондай-ақ 66,6 мыңнан астам адам жарақат алған.
«Өткен жылдың қазанынан бері құрбан болғандар саны 27 365-ке жетті, тағы 66 630 адам жарақат алды», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, соңғы 24 сағат ішінде анклавта кемінде 127 адам қаза тауып, тағы 178 адам жараланған.
Қаза болғандардың кейбірінің денесі әлі үйінділер астында жатыр, құтқарушылар қызметі оларға жете алған жоқ.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды