03.02.2024, 17:23
Жаңалықтар
Майқайың кенішіндегі құтқарушылардың жұмысы қайта жалғасты
Терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған
Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Майқайың кенішіндегі шұңқыр түбіне шағын экскаватор түсірілді. Автобус жатуы ықтимал жерді қазу жұмыстары қайта жалғасын тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Құтқарушылардың сөзінше, ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған.
Еске сала кетейік, бүгін кеніш аумағындағы ойықта терең шұңқыр пайда болып, құтқарушылардың жұмысы шұғыл түрде тоқтатылғанын жазған болатынбыз.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы