$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, әлі де ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Еліміз бойынша қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, боран, оңтүстік, оңтүстік батыста  көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жаяу бұрқасын болады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -11...-13°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз -1...-3°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз +2...+4°C болады.

Серіктес жаңалықтары