Еуропалық Одақ елдері Украинаға қаржылай көмек көрсетеді
Осы уақытқа дейін Будапешт Киевке уәде етілген ақшаны аударуға кедергі келтірді
Еуропалық Одақтың барлық 27 елінің мемлекет және үкімет басшылары Украинаға ЕО бюджетінен 50 миллиард еуро көлемінде қосымша қолдау пакетін ұсынуға келісті. Бұл туралы Брюссельде өтіп жатқан саммиттің төрағасы Шарль Мишель мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
«Біз келістік! Бұл Украинаға сенімді, ұзақ мерзімді және болжамды қаржыландыруды қамтамасыз етеді» - деп жазды X әлеуметтік желісінде Еуропалық Кеңестің басшысы Мишель.
Украина президенті Владимир Зеленский Шарль Мишельге және ЕО-ның 27 Көшбасшысына алғыс айтты.
Осы уақытқа дейін Будапешт Киевке уәде етілген ақшаны аударуға кедергі келтірді. Премьер-министр Виктор Орбан төрт жылдық «Көмек «бағдарламасы жыл сайын қайта қаралуын талап етті. ЕО басшылары Украинаға қаражат бөлу туралы үнемі пікірталас өткізуге келісті. Қажет болған жағдайда Еуро Кеңесі екі жылдан кейін қаржыландыруды қайта қарау туралы ұсыныспен Еурокомиссияға жүгінуге құқылы.