$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман, көктайғақ, жел: 13 облыста ескерту жарияланды

Кей өңірде қар жауып, бұрқасын болады

Тұман, көктайғақ, жел: 13 облыста ескерту жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның 13 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысында қар жауады.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын болжанған.

Қызылорда облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында тұман түседі.

Ақтөбе және Қостанай облыстарында бұрқасын болып, тұман түседі.

Абай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жел тұрып, бұрқасын болады.

Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында бұрқасын болады.

Алматы облысында жауын-шашынның түсуі мен қар жамылғысының тұрақсыз сипатына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні жүруі ықтимал.

Серіктес жаңалықтары